Өткен ай Түркияда 97 мың 19 үй сатылды

Шетелдіктерге сатылған үй саны да артты.

kazakca_Тұрғын үй саудасы.jpg

Өткен ай Түркияда 97 мың 19 үй сатылды.

Алдынғы айға қарағанда үй саудасы өткен ай 27 пайыз азайды. Ал өткен жылдың сол айымен салыстырғанда 1,7 пайыз артты.

Түркия Статистика мекемесі биылғы жылдың қаңтар айының деректерін жариялады.

Тұрғын үй саудасында Стамбул бірінші орында. Тарихи қалада 16 мың 336 үй сатылды.

Стамбулдан кейін 9 мың 720 үй сатылған Анкара,  5 мың 841 үй сатылған Измир келеді.

Ардахан, Хаккари, Байбурт болса – ең аз үй сатылған қалалар.  Ардаханда бір айда 4, Хаккариде 5,  Байбуртта 35 тұрғын үй сатылған.

Шетелдіктерге сатылған үй саны болса 2017 жылдың қаңтар айына қарағанда 25,7 пайыз артты.

Қаңтар айында Түркиядан Ирак азаматтары 272, Сауд Арабиясы азаматтары 160,  Ауғанстан азаматтары 124, Ресей азаматтары 121 және Кувейт азаматтары 108 тұрғын үй сатып алды.



Ұқсас жаңалықтар