774 мың көлікті қайта шақырады

Mercedes Benz 774 мың көлікті қайта шақырады.

774 мың көлікті қайта шақырады

Германиялық автомобиль алпауыты Mercedes Benz 774 мың көлікті қайта шақырады.

Еуропа көлемінде қайта шақыру шешімі Федералдық Қатынас министрі Андреас Шуер және «Daimler» компаниясының атқару комитеті төрағасы Дитер Зетше кездесуінен кейін қабылданды.

Қайта шақырылатын көліктерде лицензиясыз компьютерлік бағдарлама қолданылғаны анықталды.

Министр қайта шақыруды Федералдық моторлы көлік департаментінің ұйымдастыратынын хабарлады.  Daimler компаниясы да шешімге бағынатындарын,  алайда наразылық білдіретіндерін атап көрсетті.

Қайта шақырылатын көліктер Mercedes-тің  Vito, GLC 330D және C220D модельдері болады.



Ұқсас жаңалықтар