АҚШ TANAP-қа қолдау білдірді

АҚШ Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі TANAP жобасына қолдау беретіндерін білдірді.

АҚШ TANAP-қа қолдау білдірді

Америка Құрама Штаттары Әзірбайжан табиғи газын Түркия арқылы Еуропаға жеткізетін Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі TANAP жобасына қолдау беретіндерін білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Сандра Оудрик Анкарада баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасап, TANAP жобасының өңірге қосатын үлесіне баға берді.

Жобаның Оңтүстік газ дәлізінің үлкен бөлшегі екенін атап көрсетіп,  АҚШ лауазым иесі TANAP-тың өңір энергетика нарығындағы ролінің зор екеніне назар аударды.

«Бұл жоба Әзірбайжан газын алатын елдер үшін түрлілік деген мағынаға келеді. Басқа жағынан жеткізілген ел үшін энергия қауіпсіздігіне мықты үлес. АҚШ ретінде тікелей инвестициямыз және коммерциялық мүддеміз болмаса да, жобаға қолдау береміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар