Отандық автокөлік ішкі өнімге 50 миллион евро үлес қосады

Президент Ердоған 2021 жылы жолға шығатын отандық автокөліктің жалпы ішкі өнімге 50 миллиард евро үлес қосатынын атап көрсетті.

Отандық автокөлік ішкі өнімге 50 миллион евро үлес қосады

Президент Режеп Тайып Ердоған электр жүйелі отандық автокөліктің 2021 жылы жолға шығатынын, бұл жобаның жалпы ішкі өнімге 50 миллиард евро үлес қосатынын атап көрсетті.

Ердоған твиттерден электр жүйелі отандық автокөлікпен байланысты кесте жариялады.

Түркияның отандық автокөлігінің үлесі туралы кесте жайлы «100-ге жақын өнеркәсіптік сала жанамалы түрде өседі. Бағдарлама жазу және сандық технологияларды жетілдіретін болады. Мұнайға бағыныштылық азаяды. Ақылды айдау жүйелерімен болашақтың технологияларын дамытады» деді.

Автокөлік өнеркәсібі экспорты көрсеткіштері де орын алған кестеде 2002 жылы 4,8 миллиард доллар болған экспорттың 6 есе артып, 2017 жылы 28,5 миллиард долларға ұласқаны көрсетіледі.

Жылдық Автокөлік өнеркәсібіндегі өндіріс болса 2002 жылы 347 мың дана болып жүзеге асқаны, 2017 жылы болса 1 миллион 696 мыңға ұласып, 4,8 есе артқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар