АҚШ-Қытай сауда соғысында екінші саты

Америка Құрама Штаттары әкімшілігі Қытай өнімдеріне бағытталған кеден салығы режимінің екінші бөлімін жариялады.

АҚШ-Қытай сауда соғысында екінші саты

Америка Құрама Штаттары әкімшілігі Қытайдың 50 миллиард долларлық өніміне бағытталған кеден салығы режимінің 16 миллиард долларлық екінші бөлігінің 23 тамыз күні іске қосылатынын жариялады.

Президент Тармп «технологиялық ұрлық және әділетсіз сауда жұмыстары» себепті Қытайда өндірілген технологиялық тауарларға қосымша салық салуға шешім қабылдады және кеден салығының екінші сатысының егжей-тегжейін жариялады.

АҚШ Сауда өкілеттігі (USTR) 23 тамыз күнінен бастап 25 пайыз салық салынатын 16 миллиард долларлық екінші өнім тізімі жарияланды.

Аталмыш тізімде мотор майы, этилен, винилхлорид, акрил полимері және жартылай өткізгіштерді қамтыған 279 тауарға орын берілген.

Қытайдың қорғаныс, авиация және өндіріс салаларын нысанаға алған кеден салығының 7 шілде күні іске қосылған алғашқы бөлімінде болса атомдық реакторлар, газ трибуналары, әуе және газды сұйылтуға арналған жабдықтар, пештер мен саудалық ыдыс-аяқ жуғыш машиналар сияқты 34 миллиард доллар құнындағы 818 өнім орын алады.



Ұқсас жаңалықтар