Стамбул Жаңа әуежайының алғашқы рейстері белгілі болды

Жаңа әуежайдан бірінші ұшақ Анкараға ұшады.

Стамбул Жаңа әуежайының алғашқы рейстері белгілі болды

Түрік Әуе жолдарының 29 қазан күні ашылатын Стамбул Жаңа әуежайынан игерілетін алғашқы рейстері белгілі болды.

Түрік авиакомпаниясының хабарламасына қарағанда,  Стамбулдағы Жаңа әуежайдан ұшатын алғашқы жолаушы ұшағы ретінде тарихта қалатын ұшақ 31 қазан күнгі ТК2124 кодымен Стамбул Жаңа әуежайын-Анкара Есенбоға әуежайы рейсін атқарады.

Түркия уақытымен сағат 11.10-да көтерілетін рейс шамамен 45 минут.

31 қазан күніндегі алғашқы рейстен кейін 30 желтоқсан күніне дейін Стамбул Жаңа әуежайынан сыртқы желіде Әзірбайжан/Баку және Кипр/Ержан, ішкі желіде болса Анкара,  Анталия және Измирге күн сайын рейс игеріледі.

Стамбул Жаңа әуежайынан игерілетін рейстер жолаушыларға жаңа әуежайдың ішінде трансфермен ұшу мүмкіндігін де ұсынады.



Ұқсас жаңалықтар