Түркия мен Румыния арасында сауда көлемі артты

Сауд Русар Пекжан Румыния премьер-министрі Виорика Дэнчилэмен кездесті.

Түркия мен Румыния арасында сауда көлемі артты

Сауд Русар Пекжан Румыния премьер-министрі Виорика Дэнчилэмен кездесті.

Сауда министрі Рухсар Пекжан Түркия мен Румыния арасындағы екі жақты сауда көлемінің қысқа мерзім ішінде  10 миллиард долларға ұласуды көздегендерін айтты.

Министр Рухсар Пекжан ресми сапармен Румынияның астанасы Бухареске барды. Пекжан бұл жерде Румыния премьер-министрі Виорика Дэнчилэмен кездесті.

Кездесуде екі ел қарым-қатынастарының дамытылуымен қатар, жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері және Түркия-Еуропа Одағы байланыстары да қолға алынды.

министр Пекжан «Бизнес Форумында» жасаған баяндамасында Түркия мен Румыния қарым-қатынастарының осы таңдағы деңгейіне жетуінде екі елдің іскерлері және инвесторларының үлкен үлестерінің болғанын айтты.

Пекжан «Румыниялық іскерлерді Түркияда инвестиция салуға, түрік іскерлері де Румынияда инвестиция салуға шақырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар