Түрікменстанда 5-ші Азия ойындары басталды

Түрік әлемінен жаңалықтар-37

Түрікменстанда 5-ші Азия ойындары басталды

 

Жаңалығымызды Түрікменстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Түрікменстанда 5-ші Азия ойындары басталды.

Ашғабатта 17 қыркүйекте ұйымдастырылған ресми ашылуы рәсіміне 7 мыңға тарта адамның қатысқаны білдірілді.

2010 жылы іргетасы қаланған және бір түрік фирмасы тарапынан салынған Ашғабат Олимпиада комплекстері 1,5 шаршы километр алаңға құрылды және 15 бөлек спорт комплексін ішіне қамтуда.

5-ші Азия жабық және жауынгерлік өнер ойындарында 65 команданың спортшылары медаль үшін сайысуда. 45 Азия және 19 Тынық мұхит елімен қатар олимпиада жалауы астында жарысатын бір босқын командасы да ойындарда орын алуда.

5-ші Азия жабық және жауынгерлік өнер ойындарына мөлшермен 6 мың спортшы 21 спорт саласында бағын сынайды.

Ойындар бойынша 351 медаль рәсімі ұйымдастырылады және табысты болған спортшыларға 1870 медаль беріледі.

5-ші Азия ойындары атқару комитеті лауазымдарының берген мағлұматына қарағанда ойындар бойынша 140 мың келі тамақ дайындалады.

12 күн жалғасатын 5-ші Азия ойындары үшін 700 билет неше апта бұрын сатыла бастады. 17-27 қыркүйек күндері аралығында өткізілетін ойындар бойынша 8 мың ерікті міндет атқарады.

Ашғабат Олимпиада стадионын бейнелеген жылқының бас мүсінінің 40,05 метр биіктік және 37,69 метр енімен әлемнің ең үлкен ат мүсіні ретінде Гиннесс лауазымдары тарапынан тіркелгені атап көрсетілді.

Ендігі хабарымыз Қазақстан жайлы.

Қазақстанда жаңа латын әліпбиі заң жобасы Мәжіліске ұсынылды.

Кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшуге дайындалған Қазақстанда жаңа әліпби заң жобасы Мәжіліске ұсынылды.

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі қолға алынған Мәжіліс сессиясына мәжіліс және сенат депутаттары, ғалымдар мен тілтанушылар қатысты.

Сессияның ашылу баяндамасын жасаған Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұлттық түсінік, мәдени құндылықтар және экономикалық даму жолының жаңа қазақ әліпбиінің қалыптасуымен басталатынын білдірді. Нығматулин «Біздің ұлттық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз, осының барлығы, қазақ тілінің жаңа әліпбиін жасаудан басталатынын» айтты.

Нығматуллин жаңа қазақ әліпбиінің Қазақстанды бүтін әлеммен біріктіретін маңызды фактор болатынын түсіндіріп, «Латын әліпбиіне өтуіміз немерелеріміздің ағылшын тілі және интернет тілін үйренуін жеңілдетеді» деген сөздер қолданды.

Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы латын әліпбиіне өту дайындықтарын 6 ай бұрын бастағандарын және осы барыста түрлі іс-шараларда талқыға салынғанын айтты.

Латын әліпбиіне өту үшін ғалымдар, тілтанушылардан құралған Комиссия тарапынан жаңа латын әліпбиі жобаларының ұсынылғанын баяндаған Мұхамедиұлы жаңа әліпбидің дайындалуында барлық көзқарастарға көңіл бөлінгенін атап өтті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы дайындық жұмыстарында халықтың басым көпшілігінің латын әліпбиіне өту шешіміне қолдау көрсеткендерін түсіндірді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры профессор Ерден Зада Қажыбектің айтуынша, латынға бізден бұрын көшкен түркі тектес мемлекеттер мен Еуропадағы елдердің тәжірибесі мұқият сарапталған. Қажыбек латын әліпбидің жоспарлы түрде атқарылатынын және осы барыста ешқандай қиыншылықтардың болмайтынын айтты.

Түркі Академиясы төрағасы Дархан Қыдырәлі де бауырлас елдердің тәжірибелерін зерттегендерін, сондай-ақ латын әліпбиінің ортақ Түркология әліпбиі болғанын және латын әліпбиінің қазақ тілі фонетикасына ең жақын тіл екенін баяндады.

Кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшуге дайындалған Қазақстан 2018 жылынан бастап мектептерде оқулықтарын  латын әліпбиінде жариялануын нысаналауда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылына дейін барлық кітаптарды, таралым мен ресми құжаттарды латын әліпбиінде жариялауды жоспарлағандарын жариялаған болатын.

Бағдарламамызды Түріксой ұйымдастырған мәдени іс-шаралармен аяқтаймыз.

«Түріксой Опера күндері» іс-шарасы Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой тарапынан биыл 11-13 қыркүйек күндері аралығында ұйымдастырылды.

Түріксой, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, Түркия Республикасы Мемлекеттік опера балет басқармасы, «Еңбек» атындағы көркемөнер және мәдениет қорының ынтымақтастығымен ұйымдастырылған іс-шараға биыл Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан 9 опера өнерпазы қатысты.

2017 жылы 4 қыркүйектен осы таңға дейін Малтепе Университеті мен Түріксой бірге ұйымдастырған шеберлік сабаққа қатысқан Түріксой өнерпаздары тұңғыш рет Түркияда өнерсүйерлердің алдына шықты.

«20-шы Түріксой Опера күндері» аясында өткізілген алғашқы концерт Стамбулдың ең жаңа опера залының бірі « Grand Pera Emek» залында болып өтті.

Түріксой Опера Жұлдыздарының концерттегі сүйемелдеушілері Қазақстаннан пианист Әсел Дәулетярова мен Қырғызстаннан Медет Османов болды. Түріксой Опера Жұлдыздары Стамбулда өткізілген ашылу концертінен кейін әр жылы болғандай биыл Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өнерсүйерлердің алдына шықты.

17 қыркүйекте өткізілген концерт Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Білім беру және мәдениет министрлігі үй иелігінде Гирнеде  берілді.

Бұл іс-шара 1994 жылынан бастап осы таңға дейін Түріксой-дың дәстүрлі іс-шараларының бірі ретінде жалғасып келеді. Түрік әлемінің әйгілі өнерпаздарының басын қосқан, сондай-ақ өнермен қатар мәдени ықпалдасу мүмкіндігін ұсынған «Түріксой Опера күндері» іс-шарасы осы таңға дейін көптеген қала мен елде өткізілді. Түріксой барлық іс-шараларымен Түркі халықтарының мәдени байлақтарын танытуға үлес қосуда. 



Ұқсас жаңалықтар