Түрікменстан 26 жыл ішінде керемет дамыды

Түрік әлемінен жаңалықтар-44

Түрікменстан 26 жыл ішінде керемет дамыды

 

Бағдарламамызды Түрікменстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Түрікменстан 27 қазан жұма күні ел тәуелсіздігінің 26 жылдығын рәсіммен тойлады. 27 қазан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Түрікменстан 26 жыл ішінде керемет дамыды.

12 желтоқсан 1995 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан «Бейтарап Ел» мәртебесі берілген тұңғыш мемлекет болған Түрікменстан аймақтық бейбітшілік орнығуы тұрғысынан маңызды жұмыстар жасауда. БҰҰ-мен ынтымақтастық ішінде жүргізілген жұмыстарда әсіресе көршілес Ауғанстанмен бірге жасаған жобалар назар аударуда. Түрікменстан Ауғанстанға гуманитарлық жәрдемдер, табиғи газ, электр сынды күнделікті өмірде қолданылған тұрмыстық қажеттіліктердің қамтамасыз етілуі жөнінде де жәрдем беруде.  Ауғанстан түрікмендеріне білім беруі үшін оқулық, кітап, дәптер, қалам сынды оқу жабдықтардың таратылуы тақырыбында да Түрікменстан қолынан келген көмегін аймады.

Түрікменстан «Бейтарап ел» ретінде аймақтық бейбітшіліктің орнатылуы, экономикалық тұрмыс деңгейінің көтерілуі, энергия қауіпсіздігін дамыту жөнінде де белсенді жұмыстар жүргізуде. Көршілес елдердің барлығымен жақсы ниет және ынтымақтастық негізінде қарым-қатынастарды дамытқан Түрікменстан БҰҰ секілді көптеген халықаралық ұйымдарымен де ынтымақтастық жасауда.

Біз де Түркі әлемінің маңызды елінің бірі Түрікменстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын құттықтаймыз.

Ендігі хабарымыз Өзбекстан жайлы.

Өзбекстан сыртқы саясатында ашық-жарқын және тату-тәтті көршілік кезеңі басталды.

27 жылдық Ислам Кәрімов кезеңінен кейін ел президенті болып сайланған Шавкат Мирзиеев ашық-жарқын, тату-тәтті көршілік және белсенді бір сыртқы саясат атқаруымен назар аударуда.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев міндетке келген күнінен бастап жасаған реформалары және жүргізген ашық-жарқын, тату-тәтті көршілік саясаттарымен шетелдермен қою байланыс жасай бастады.

Өзбекстанды 27 жыл басқарған марқұм Президент Ислам Кәрімовтен кейін елбасы болып сайланған Шавкат Мирзиеев міндетіне бастағаннан кейін 2017-2021 жылдарын қамтыған мемлекет басқару және сот жүйесінің жаңалануы, экономиканың либерализациясы, сыртқы саясат және әлеуметтік  реформалар деген бес негізгі принциптен құралған даму стратегиясын жариялады.

Мирзиеевтің сыртқы саясатындағы нысананың тоқыраудан құтылып, алдымен өз аймағында белсенді бір дипломатия жүргізілетіні алғашқы күндерде байқалды.

Президент болғаннан кейін алғашқы 10 айда 13 шетел сапарын жасаған Мирзиеев сапарының көбін сыртқы саясат негізінің бірін құраған тату-тәтті қарым-қатынас құрып,  байланыстарды жалғастырғысы келген көршілес елдерге жасады.

Түрікменстан Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан сынды көршілес елдермен қарым-қатынастарын күшейткен Мирзиеев Ислам елдері саммиті үшін Сауд Арабиясы және БҰҰ жалпы кеңесі үшін АҚШ-қа барды. Мирзиеевтің осы кезеңде түрлі себеппен Қазақстанға төрт, Түрікменстанға үш және Ресейге екі рет барғаны назар аударды.

Тәжікстан тысында барлық Орталық Азия елдеріне сапарлай барған Мирзиеев осы елдермен қарым-қатынастардың дамытылуына бағытталған маңызды келісімдерге қол қойды.

Өткен апта Түркияға ресми сапармен келген Өзбекстан лидері Мирзиеев маңызды келісімдерге қол қойды. Шавкат Мирзиеевтің  Анкара сапары мөлшермен 20 жылдан кейін жасалған алғашқы сапар болуы тұрғысынан өте маңызды.

Президент Режеп Тайып Ердоған алдымен Қытайда және одан кейін Қазақстанда ұйымдастырылған жиналыстар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесу өткізілген болатын.

Бағдарламамызды Стамбулдан келген бір хабармен  аяқтаймыз.

Өткен апта Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоңғанның арнайы қонағы ретінде Стамбулға келді. Илхам Алиев Түркия басшыларымен кездесуінің тысында «Ынтымақтастықты арттыру, орайлар көбейту» тақырыбымен ұйымдастырылған Ислам сегіздігі елдерінің экономикалық және ынтымақтастығының 9-шы Саммитіне қатысты.

Ислам сегіздігі елдерінің экономикалық және ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысы Сеид Али Мұхаммед Мусави беташар баяндамасында саммиттің маңыздылығына тоқталды. Ұйымның кезекті төрағалығын атқарған Пәкістан премьер-министрі Шахид Хакан Аббаси  мүше елдердің заманауи кезеңде ұйымның жұмыс алаңының кеңейтілуі керектігін атап өтті.

Ұйымның жаңа кезекті төрағасы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сөз кезегінде үш құрлық елдерін қамтыған Ислам сегіздігі елдерінің экономикалық және ынтымақтастық ұйымының соңғы 20 жылдағы табыстарына тоқталды. Ердоған  мұсылмандар өмір сүрген аймақтарда соңғы жылдарда болған қақтығыстар, террор оқиғалары және табиғи апаттардың қатты шығынға апарып соққанына назар аударды. Президент Ердоған сонымен қатар осы апаттардың әділетсіздіктердің азаюдың орнына артқанына қайғырғанын білдірді.

Әзірбайжан Президенті Илхам Алиев Ислам сегіздігі елдерінің 9-шы Саммитіне жасаған баяндамасында Әзірбайжанның Ислам әлеміне қатты көңіл бөлгенін және үлес қосқанын баяндады. 2017 жылының Әзірбайжанда «Исламдық селбесу жылы» деп жарияланғанын айтты. Алиев «Биыл Әзірбайжанда 54 Ислам елдерінен келген үш мыңға тарта спортшының қатысуымен IV. Исламдық селбесу ойындары ұйымдастырылды. Осы таңда әлемде ең үлкен қауіптердің бірі болған Исламофобиямен күрес жүргіздік» деді.

Түркия, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Малайзия, Индонезия, Мысыр және Нигериядан тұратын Ислам сегіздігі 1997 жылы құрылған болатын. Топтағы Түркия мен Индонезия Үлкен 20 тобы елдері мүшесі. Ислам сегіздігінің ең үлкен мақсаты: мүше елдер арасында ынтымақтастықты дамыту, экономика және әлеуметтік саласында қарым-қатынастарды күшейту.

 



Ұқсас жаңалықтар