Қазақстан Аселсан экспорт алаңын кеңейтуде

Түрік әлемінен жаңалықтар-46

Қазақстан Аселсан экспорт алаңын кеңейтуде

 Бағдарламамызды Қазақстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Алғашқы хабарымыздың тақырыбы : «Қазақстан Аселсан экспорт алаңын кеңейтуде».

«Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС бас директоры Тарык Зия Кабоглу Түркияның тысында алғаш рет Түркітілдес елдерден Өзбекстанға экспорт жасайтындарын, өнімдерінің Өзбекстан армиясы тарапынан тест етілгеннен кейін экспорт артады деп сенетінін  айтты.

«Қазақстан Аселсан Инжиниринг»-тің жұмыстары жөнінде мәлімдеме жасаған Тарык Зия Кабоглу 2011 жылы Қазақстан мен Түркия бірігіп құрған «Қазақстан Аселсан Инжиниринг»-тің 2013 жылы желтоқсан айында 44 миллион долларлық инвестиция арқылы жұмысқа бастағанын білдірді.

Кабоглу Астана еркін экономикалық аймағында 75 мың шаршы метрлік жабық алаңда орын алған Қазақстан Аселсан Инжиниринг фабрикасындағы инвестиция көлемінің 4 жылда 50 миллион долларға шыққанын баяндады.

Әрі стратегиялық, әрі коммуникациялық деп есептелетін «Қазақстан Аселсан Инжиниринг»-тің 10 жылдық жұмыс жоспары аясында Қазақстанда технология нысандарын жүзеге асырғандарын білдірген Кабоглу былай деді: «Белгіленген жол картасы шеңберінде электр-оптик өнімдерімен қатар әскери платформалардың жаңғыртуы да жоспарланған. Бұлар T72 танктері, M17 тікұшақтарын жаңалау, зымырандардың ату платформалары, барлау мен бақылау, зеңбірек ату жүйелері болып табылады. Сымсыз жабдықтардың өндірісі де жол картасына кірді. Дайындалған жол картасы Қазақстан қорғаныс министрлігі тарапынан бекітілді. Олардың бақылауы және қолдауымен қазір жобаларымыз жеміс бере бастады» деді.

Кабоглу 12,7 SARP қару жүйесінің «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» компаниясының Арлан көлігіне интеграциялап , көліктің 2016 Қазақстан мемлекетіне тапсырып берілгенін білдірді.

Кабоглу «36 көлік Қазақстан армиясы тарапынан сыналды және қабылданды» деді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 стратегиялық нысандарының Қазақстан өнімдерінің шетелге экспорт етілуін қамтығанын білдірген Кабоглу былай деді: «Қазақстанның Қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі министрлігі бізді осы тақырыпта қолдауда және жол ашуда. Биыл Өзбекстанда Президент Назарбаев  қатысқан бір жәрмеңкеге қорғаныс өнімдерін апардық және Өзбекстан жасақтары қару жүйемізді сынап көрді, Одан кейін олар да тапсырыс берді. Түркияның тысында алғаш рет Түрік Республикаларының арасынан Өзбекстанға экспорт жасаймыз. Өнімдеріміздің Өзбекстан армиясы тарапынан сыналғаннан кейін экспорт артады деп ойлаудамыз».

Компанияда 30-ы инженер, 35-і техникалық маман және басқарушы болып 96 Қазақстан азаматының жұмыс істегенін баяндаған Кабоглу мамандардың барлығының  таңдаудан өткенін айтты.

Ендігі хабарымыз Әзірбайжан жайлы.

Адана қаласы әкімі және Түркияның Чукурова муниципалитеттер одағы төрағасы Хүсейін Сөзлү басшылығындағы делегация Әзірбайжанға барды.

Муниципалитеттер одағы төрағасы Хүсейін Сөзлү Әзірбайжан Қала акиматтары одағы өкілдерімен бас қосты.

Әзірбайжан Қала акиматтары одағы төрағасы Темраз Тагыйев жиналыста сөйлеген сөзінде әр қашан әр қандай тақырыпта бауырлас ел Түркияның қолдауын сезгендерін айтты.

Адана қаласы әкімі Хүсейін Сөзлү де Әзірбайжанның күн сайын дамып, болашаққа мықты қадаммен ілгерілегенін баяндады.

Сөзлү «Түркияның күші Әзірбайжанның, Әзірбайжанның күші Түркияның күші болып саналады. Ынтымақтастығымызды тіпті дамытып, болашаққа мықты дайындалуымыз керек. Егер сауда жасамасақ, мәдени қарым-қатынастарымызды ілгерілететін ынтымақтастық жасамасақ онда  күшейе алмаймыз» деген сөздер қолданды.

Екі төраға баяндамадан кейін Чукурова муниципалитеттер одағы мен Әзірбайжан Қала акиматтары одағы арасындағы ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.

Бағдарламамызды Түркиядан  келген бір хабармен жалғастырамыз.

Түрікменстанның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісі Ишанкулы Аманлыев Карабук Университетінде білім алып жатқан түрікменстандық студенттермен кездесті.

Аманлыев Теология факультеті залында жасаған баяндамасында түрікменстандық студенттермен бас қосқанына қуанғанын айтты.

Карабук Университетінің керемет бір университет екенін айтқан Аманлыев «Біздің бұл жерге келуіміздің басты себебі- Карабук Университетімен танысу және хал-жағдай сұрау. Сонымен қатар мемлекетіміздің жаңалықтарын сіздерге жеткізу және президентіміздің саясатын түсіндіру» деді.

Аманлыев студенттерді Түрікменстан тәуелсіздігінің 26 жылдығымен құттықтады.

Карабук Университеті ректорының орынбасары профессор Алан Гүнеш те      Карабук Университетінде 358 түрікменстандық студенттің білім алап жатқанын баяндап, «Түрікменстандық студенттердің бұл жерде болуынан бақытты сезінеміз. Береке-бірлік және бауырластығымыздың тек білім берумен ғана шектелмей тіпті үлкен ынтымақтастық жасауды үміт етемін» деді.

Бағдарламамызды Өзбекстанмен аяқтаймыз.

Өзбекстандағы мешіттерде дауыс зорайтқыш арқылы азан шақыра бастады.

Мемлекеттегі діни қызметкерлердің 26 қазан күні Ташкентте өткізілген жиналысында дауыс зорайтқыш арқылы азан шақыруға рұқсат берілуі күн тәртіпке келгеннен кейін Ташкентті қамтыған көптеген қаласының мешіттері дауыс зорайтқыш арқылы азан шақыра бастады.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасынан осы тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасалмады. Алайда жергілікті баспасөзде шыққан хабарларда ел астанасы Ташкентпен қатар басқа аймақтарда да азан шақырылған кезде дауыс зорайтқыш қолданылғаны білдірілді.

Екі мыңнан астам мешіт болған Өзбекстанда бұдан бұрын ораза айт пен құрбан айттарда терауих намаздарында азан шақырылғанда немесе Құран Кәрім оқылғанда ғана дауыс зорайтқыш қолданылушы еді. Басқа уақыттарда дауыс зорайтқыш қолданылмайтын. Азан даусы тек мешіттердің ішінде ғана естілуші еді.

 



Ұқсас жаңалықтар