Тағы да Рамазан және дағдарыстарды шешу үшін талпынған Түркия

ТИКА басшысы Сердар Чамның мақаласы

Тағы да Рамазан және дағдарыстарды шешу үшін талпынған Түркия

Бара-бара басқарылмаған бір әлемге жол тартқан,  терроризммен,  азаматтық соғыстар және шайқастармен тұрақсыздыққа итермеленген бір кезде рақым және кешірім айы Рамазанда тағы да әлемнің қанаған жарасы Газадан шейіт хабарлары келіп жатыр.

Израильдің құрылуының,  шамамен 750 мың палестиналықтың болса қайғылы түрде отандарынан жер аударылуының, өз жерлерінде босқын болуының жылдығында зұлымдықпен бейбітшілік «орнатуға» тырысқандар тағы да ортада.

Иерусалимнің мәртебесі

Ғасырлардан бері Ибрахими деп аталған діндердің барлығы үшін қасиетті саналатын Иерусалимге арнайы мәртебе босқа берілмеген.  Әлемнің барлық елдерінің Иерусалимді кез-келген бір елдің бас қаласы ретінде қабылдамауы және ешбір мемлекеттің өкілетті елшілігінің Иерусалимде болмауының бір себебі бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1947 жылғы нөмірі 181-ші қарары Иерусалим үшін БҰҰ басшылығында халықаралық жүйе көздейтін еді. 1948 жылы құрылған Израиль алдымен Батыс Иерусалимді, 1967 жылғы 6 күндік шайқаста болса Шығыс Иерусалимді басып алды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыста әділ және түбегейлі бейбітшіліктің қамдалуы үшін қажетті принциптер ортаға қойылған нөмірі 242-ші қарарында Израильді 1967 жылғы шайқаста басып алған жерлерінен кері кетуге шақырса да,  сол күннен бері Израиль Иерусалимді парламенті мен министрліктері орналасқан іс жүзіндегі астанасы ретінде қабылдауда. 1980 жылы Израиль Иерусалим заңын шығарып, Иерусалимді толығымен бөлінбейтін астана ретінде жариялағанда,  бұл шешім де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 478-ші қарары арқылы айыпталып, Иерусалимде дипломатиялық өкілдіктері бар елдерден осы өкілдіктерін Тель-Авивке көшіруі сұралды. Кеңестің тұрақты мүшесі АҚШ дауысқа салуға қатыспады,  алайда шешімді вето  да қылмады. Сол күннен бастап Иерусалимде өкілетті елшіліктері болған Боливия, Доминик Республикасы, Эквадор, Гватемала, Гаити, Голландия,  Колумбия,  Панама,  Чили, Уругвай және Венесуэла дипломатиялық өкілдіктерін Тель-Авивке көшіре бастады. 2006 жылы Салвадор және Коста-Риканың да елшіліктерін Иерусалимнен Тель-Авивке қайта көшіруімен қалада ешбір елшілік ғимараты қалмады.

АҚШ не істегісі келеді?

1995 жылы АҚШ Конгресі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 478-ші қарарына қарама-қайшы түрде Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде жариялайтын және Израильдегі өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді көздеген Иерусалим Елшілік заңын  (Jerusalem Embassy Act of 1995) шығарды. Заңда Иерусалимде құрылатын өкілетті елшіліктің 1999 жылдың мамыр айына дейін құрылуы керектігі орын алған. Бірақ көшіру ісін бүгінге дейін барлық президенттер мәселесінің маңыздылығына байланысты және Таяу Шығыста жол ашуы мүмкін дағдарысты назарға ала отырып әрдайым кешіктіріп келді.

2017 жылдың 6 желтоқсан күні Османлы жерінде еврейлер үшін ұлттық мемлекет құрылуына уәде берген Бальфур декларациясынан тап 100 жылдан кейін АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп Тель-Авивтегі АҚШ өкілетті елшілігін көшіруге шешім бергенін жариялады.  Бұл хабарлама Таяу Шығыс бейбітшілік процесіне және аймаққа қажетті тұрақтылық атмосферасына беретін зияны тұрғысынан тарихи хабар болатын.  Бұл көшіру қарапайым орын өзгерту емес,  басқыншылыққа халықаралық заңдылық алып беру ынтасының бір бөлшегі.

Аймақта келіспеушіліктің артатынын,  қақтығыстарға себеп болатынын біле тұра АҚШ халықаралық қоғам келісіп, «жоқ» деген нәрсеге «иа» деу арқылы әлемнің көзі алдында халықаралық құқыққа қайшы шешімін іске асырып,  Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшірді.

Палестиналықтар үшін бөлу қабырғасы не болса,  қоршау не болса, осы шешім де осындай ерекшелікте.  Халықаралық қоғамның қатаң наразылығына қарамастан кері қадам баспаған АҚШ-тың осы әрекеті табиғи түрде палестиналықтардың ашуын туғызды. Нәтижеде азаматтық тәртіпсіздік және пассив тойтарыс әдістерімен құқық және әділетке шақырған мыңдаған азаматқа қарсы мөлшерсіз күш қолданылды. Қаншама зұлымдық жасалып,  қан мен көздің жасы төгілді. Палестиналықтарды Израиль әскерлері халықаралық қоғамның және медианың көзі алдында шейіт етті,  мыңдаған адам жарақат алды.  Израильдің оғымен қырылған,  үйлері мен жерлерінен күштеп көшірілген,  өз жерінде босқын,  тіпті отансыз қалған палестиналықтар үшін «үлкен апат» деген мағынаға келетін Некбеден 70 жыл өткеніне қарамастан әлі жалғасқанына тағы бір рет куә болудамыз.

Таяу Шығыстағы өртті өшіру үшін су тасыған ел – Түркия

Ислам Ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) кезекті төрағасы құрметті президентіміздің шақыруымен 2018 жылы 18 мамыр күні жиналған Иерусалим саммиті ақылға қонбайтын және заңсыз әрекеттерге «тоқта» деу тұрғысынан аса маңызды болатын. Барлық әлемде жаңғырық туғызған саммит көптеген аймақтық және халықаралық мекеменің жасай алмағанын жүзеге асырды. Түркияның санасы мен гуманитарлық мәселелердегі басшылығының арқасында Иерусалимнің мәртебесінің ақылға қонбайтын және заңсыз әрекеттермен өзгертіле алмайтынын тағы бір рет ортаға қойды.

Түркия басылатын бұл қадамның алдымен Израильге зиян келтіретінін, БҰҰ құрылған күннен бері шешіле алмаған Палестина мәселесінің шешіміне қызмет етпейтінін, керісінше келіспеушілікті одан да күрделендіріп, аймақты тағы өрт алаңына айналдыратынын қайтадан тілге тиек етті. Аймақта тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету, қақтығыстар мен дағдарыстардың алдын алу үшін ең көп күш жұмсаған және пидақорлық жасаған ел Түркия болатын. Өкінішке орай бұл талпыныстар қарсыластары тарапынан лайықты түрде бағаланбады және бейбітшілік үміттерін құрту әрекеттері жалғасты.

Езілгендердің қайғысын жеңілдету үшін «Мави Мармара» кемесі жіберілген кезде жазықсыз және қарусыз адамдар өлтірілді. Оқиғалардың қайғысы әлі жалғасқан кезде тек қана Палестиналықтарға бағытталған ауыр қысымдардың жеңілдетілуі мақсатты Түркия Израильге өтемақы және кешірім сұрау арқылы дағдарысты шешу үшін мүмкіншілік ұсынды. Алайда осы жолы жасалған жәрдемдер қаралау және теріс насихаттаумен кедергіге ұшыратылды. Бомбалардың астында соғыста езілгендерге жылы тағамдар жеткізгенде, «Тамақтар мұқтаждарға емес, террористтерге жеткізілді» деген жала жабылды. Таза жанұялар құрып, адамдар радикалдықтың торуылына түспеген тәртіпті бір қоғам құрылысында қауіпсіздіктің, тыныштық пен бейбітшіліктің орнауы үшін талпынған және 4000 жастың жанұялы болуын қамтамасыз еткен ТИКА террористтерге қолдау берумен айыпталды.

Таза бір санамен ойлағанда, Түркияның жәрдемдерінің негізінде қызуды, дағдарыстардың болымсыз ықпалдарын қалай азайтқаны байқалады. Түркия осылардың барлығына қарамастан аймақта тыныштық пен бейбітшілікті қайтадан орнату үшін мотивациясынан айрылмай, жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы Рамазан айында да қайғыларды жеңілдету үшін жаралылардың үйлеріне дейін көлікпен  денсаулық сақтау қызметі жеткізіліп, Газа секторына дәрі-дәрмектер жеткізілуде. Ораза айы бойынша күн сайын 1000 жанұяға, барлығы шамамен 200 мың адамға ыстық тамақ таратылды және 12 мың мұқтаж жанұяға азық-түлік жәрдемдері жасалды. Жасалған гуманитарлық жәрдемдермен әсіресе Газа секторында уақыт өткен сайын нашарлаған гуманитарлық жағдайдың сәл де болса жеңілдетілуі нысанаға алынып, ұзақ мерзімде даму жәрдемдерімен де Палестина халқының тыныштығын күшейтуге үлес қосылады.

Түркияның осы талпыныстар, әділет және бейбітшілік негізінде құрылатын екі мемлекетті бір шешімді жақтап, Израильдің аймақтағы болмысына бағытталған заңдылық ізденістеріне қайтарылған жауап іспеттес және Израиль халқына қолдау болып табылады. Израиль бөлшектеуші дуалдарымен, соттамай жазалаумен, қару және бомбалармен палестиналықтарды қыруға тырысумен емес, әділетпен, мархабатпен мемлекет басқарып, заңдылыққа қол жеткізетінін енді байқауға тиісті.

Дағдарысты жою үшін талпынған бір Түркия

Әділет және мархабат құндылықтарын қорғауды тарихи бір қызмет және мемлекеттік дәстүр ретінде қабылдаған Түркия дініне, тіліне және нәсіліне қарамастан әрқашан зұлматқа қарсы шығып, езілгендердің қасында орын алды. Мұның сан-алуан мысалын тарих беттерінен кездестіруге болады. 1492 жылы 200 мыңға таяу  еврей азаматы Испанияда өздеріне жасалған қысым мен зұлматтан қашып, Османлы мемлекетін паналаған, тыныштық пен сенімді осы топырақта тапқан болатын. Османлы мемлекетінде еврейлер қоғамда және мемлекет кадрларында маңызды мәртебелерге тағайындалған. Ұқсас мысалдарды республика тарихынан да кездестіруге болады. Түркия еврейлерді ІІ- Дүниежүзілік соғыс кезінде неонацист зұлымдығынан қорғау үшін қолдан келген талпынысты аямады. Сол кездегі Марсель бас консулы Недждет Кент неонацист басқыншылығындағы Францияда өмір сүрген және неміс лагерьлеріне жіберілуге әрекет жасалған көптеген еврейге өз жанын ортаға қойып, түрік паспорты берген және оларды бұл зұлымдықтан құтқарған болатын. Тағы сол кезеңде Түркияның Родостағы бас консулы болып міндет атқарған және «Түріктің Шиндлері» деп аталған Селахаттин Үлкүмен Германия мен Түркия арасында бір дағдарыс ықтималына қарамастан Родос аралынан аталмыш лагерьлерге жіберілген түрік текті еврейлерді неміс генераліне тапсырмаған болатын. Тарихтағы бұл мысалдарға қарап Түркияның қазіргі талпынысын одан жақсы түсінуге болады.

Түркияның бөлшектенуге болмайтын деп қараған географияда бейбіт пен тұрақтылықты сақтау талпыныстарының қадірі білінуі керек және осы тарихи орайды жақсы пайдалануы қажет. Бүгін бір жанжал және тұрақсыздық ретінде қаралған аймақ Османлы империясы дәуірінде бейбіт және тыныштық ішінде болған. Османлы империясының мұрагері болған Түркия шүбәсіз аймақтың бүгінгі қақтығыс пен тұрақсыздық мәселесінің шешіміне де маңызды үлес қосады.

                Түркия ешқашан басқа елдерге бодандық жасамаған және өз мүддесін жүзеге асыру үшін әрекет етпеген. Түркия тек өз территориясы ішіндегі халықтарға ғана емес, шекара сыртында  өмір сүрген халықтардың әділетті өмір сүру қамын ойлаған.  Сондықтан Түркия 80 миллионды емес, 7 жарым миллиардпен байланысты жаһандық бір нысананың соңында жүгіруде. Осы тақырыптағы шын ниетін таяу кезде Мьянма және Бангладеште дәлелдеді. Араканда қырғынға душар болған және Бангладешті паналаған жүз мыңдаған бейуаз халыққа Түркия шалғай болуына қарамастан қол ұшын берді.

                Президентіміз дағдарыс болған кезден бастап, дипломатиялық кездесулер өткізіп, барша әлемнің назарын адамдық трагедияға аударуға тырысты. Сонымен бірге президент жұбайын Бангладешке жіберіп, дағдарысты жеңілдету үшін еліміздің жәрдемдерін жеткізді. Бангладеш лагерінде өмір сүре бастаған жүз мыңдаған босқынды Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА әрі күні ыстық тағам жәрдемдерімен қамтамасыз етті. Түркияның 5.500 километр қашықтықтан осы жәрдемді  өз мүддесі үшін істеді деп кім айта алады? Түркияның талпынысы заң мен жүйелерді өз мүддесіне айналдырған, сондай-ақ әлемді басқара алмайтын күйге әкелуге тырысу талпынысына тоқтау салудан басқа бір нәрсе емес.

Түркия-Израиль қарым-қатынастары

                Түркия мен Израиль қарым-қатынастарына тоқталатын болсақ, Түркия Республикасы Израильмен болған дипломатиялық қарым-қатынастарна аймақта бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосатын талпыныстардың бір бөлшегі ретінде қарауда. Израильдің аймақ елдерімен арадағы соғыстар және дағдарыстары назарға алынғанда, қарым-қатынастардың жалғастырылуы Израильдің аймақта жалғызсырауына кедергі болады.

                Палестинада болған әрбір дағдарыстан кейін Түркия-Израиль қарым-қатынастары нашарлауда. Түркияның сезгір және адами тұғырын  Израиль үкіметі жақтырмауда. Бұл жағдай екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға да ықпал тигізуде. Газадағы соңғы дағдарыстан кейін де өкілетті елшіліктердің елдеріне қайтуы дипломатиялық қарым-қатынас  деңгейінің төмендеуіне себеп болды. Өкілетті елшіліктердің өзара белгілі мерзіммен шегерілуі дұрыс бір қадам болып табылады. Бірақ дипломатиялық қарым-қатынастар ұзақ мерзімді үзіліске ұшыраса, онда жанамалай түрде болған оқиғалардың зардабын палестиналықтар шегеді. «Көгілдір Мәрмәр» шабуылынан кейін 6 жыл жалғасқан дағдарыс өзара өкілетті елшіліктердің тағайындалуымен ғана жеңілдеді. Жаңа басталған қарым-қатынастар барлық жағдайға қарамастан Түркияның Палестина мәселесіне үлес қосуын және жәрдемдердің жеткізілуін жеңілдетті. Мысалы Иерусалим, Газа және Батыс Шерия басқыншылық астында. Палестинаға баратын жолдар заңсыз түрде болса да Израильдің бақылауында. Осы түйінде сезімтал болмау керек. Байсалды түрде әрекет жасаған жөн. Органдарымыз координация ішінде әрекет жасаулары керек. Жұмыстарымызды дипломатиялық миссияларымыз және ТИКА офисімізбен байланыс жасай отырып істеген абзал.

                Израиль әкімшілігі осы таңға дейін еш жасамаған болса да, бұдан кейін халықаралық ұйымның даусына көңіл бөлулері керек және палестиналықтарға жасаған зұлматты тоқтатуы қажет. Тарихта ең көп қуғындалған бір ұлттың өкілдері бұрын өз бастарынан өткен аянышты қайғыларын енді басқа ұлтқа шектірмеуі керек. Енді бір жағынан дағдарысты ушықтырған, адамдарды айтақтаған және аймақты тұрақсыздыққа итермелеген бір елдің дәнекері болмауы керек. 100 жылдан бері бейбітшілікті аңсаған Иерусалимде бұрын болғандай түрлі сенімдегі адамдардың тыныштық ішінде өмір сүрулері керек.

                Азаматтар еркін және қауіпсіздік ішінде әрекет ете алатын және сауда жасай алатын әрбір аймаққа күдіксіз, бейбітшілік келеді. ТИКА-ның миссиясы да, аймақтарда экономикалық инфақұрылымын күшейтіп, бейбітшілік пен тыныштық ортаны жарату болып табылады.

 



Ұқсас жаңалықтар