Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Ұлыбританиядан хабар тарататын Рейтерс агенттігі президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Агенттік хабарына «Түркия Иерусалим салдарынан Израильмен қарым-қатынастарын үзуі мүмкін» деп тақырып қолданған. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді ресми түрде Израильдің астанасы деп таныған жағдайда,  Түркияның Израильмен дипломатиялық байланыстарды үзуге дейін баратынын айтты.  Ол осындай әрекеттің мұсылмандар үшін маңызды екенін білдірді.  Ердоған «Құрметті Трамп, Палестина қоғамының жарасы әлі қанап жатқан кезде, Израильді қолдау үшін осындай шешім қабылдау халықаралық құқықты бұзушылық. Бұл жағдай Түркияның Израильмен қатынастарын үзуге дейін барады. АҚШ-қа өңірдегі проблемаларды тереңдететін осындай қадам баспау үшін ескертемін» деді.

Ирандағы Мехр агенттігі Ибрахим Калынның сөздеріне орын берген. Түркия Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының өкілетті елшілікті Иерусалим қаласына көшіру жоспарының алаңдататынын айтты.  Калын «АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру шешіміне байланысты жарияланған хабарлар алаңдатады.  Бұл толығымен Иерусалимнің діни және тарихи ерекшелігіне,  халықаралық келісімдерге және БҰҰ резолюцияларына қайшы. Таяу Шығыс бейбітшілігі өте қауіпті жағдайда тұрғанда,  елшіліктің көшірілуі бейбітшілік үрдісіне жеңіліс әкеледі және өңірде басқа да келіспеушіліктер мен қақтығыстардың пайда болуына жол ашады. АҚШ осындай қате жібермейді деп сенеміз» деді.

Ресейдің «Ресейдің даусы радиосы» Чавушоғлуның Брюссельге барғанын жазған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысу мақсатымен Бельгияның бас қаласы Брюссельде. Чавушоғлу әріптесі Рекс Тиллерсонмен бас қосады.  Осы кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамптың террорлық ұйым PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG-ге қару бермеу жөніндегі уәдесі,  Пентагонның болса қару беруі қолға алынады.

АҚШ-тағы «Американың даусы радиосы» болса «Вашингтонда Түркия конференциясы» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда «Middle East Institute» атты ұйымның жыл сайын ұйымдастырылатын Түркия конференциясының сегізіншісі болып өтті.  АҚШ Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Еуразия істеріне жауапты кеңесші орынбасары Джонатхан Кохен «Ресей және батыс арасында Түркия» атты отырыста түрік және Америка қарым-қатынастарының әрқашан терең болғанын айтып,  дипломатияның жалғасуының маңызына тоқталды. Кохен Түркияның НАТО құрамындағы армиясы жағынан екінші үлкен ел екенін айтты. Кохен сонымен бірге сириялық босқындарға қақпасын ашқан түрік үкіметі мен халқының әртүрлі мақтауға лайық екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар