БҰҰ-ның міндеті - соғысты болдырмау

Гутерреш БҰҰ-дағы бірінші баяндамасын оқыды.

БҰҰ-ның міндеті - соғысты болдырмау

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш ұйымның міндетінің соғысты болдырмау екенін еске салды.

Гутерреш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі бірінші баяндамасында БҰҰ-ның басты мақсатының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамдау екенін атап көрсетті.

Дағдарыс болып жатқан аймақтардағы миллиондаған адамның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен үміт күткенін,  алайда дағдарыстарды болдырмаудың орнына уақыт пен ақшаның көп жұмсалғанына назар аударған Гутерреш: «Адамдар төлеген құн өте үлкен» деді.

Гутерреш БҰҰ-ның жаңа бір көзқарас қалыптастыруы керектігін айтты.  «БҰҰ соғыстарды болдырмау үшін құрылды.  Бейбітшілікті қамдау үшін ұстанымымызды қайта тексеріп,  стратегия,  құрылым және организациямызға өзгерту енгізуіміз керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар