АҚШ президенті Тегерандағы шабуылдарды айыптады

Ақ Үй Трамптың Иранның бас қаласы Тегеранда жасалған шабуылдар айыпталған жазбаша мәлімдеме жасады.

АҚШ президенті Тегерандағы шабуылдарды айыптады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Дональд Трамп Иран парламенті мен Хумейнидің кесенесіне жасалған террор шабуылын айыптап, террорға қолдау берген мемлекеттердің террордың зияны тию рискі астында екенін атап айтты.

Ақ Үй Трамптың Иранның бас қаласы Тегеранда жасалған шабуылдар айыпталған жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Ирандағы террор шабуылдарының құрбандары мен мұндай қиын кезеңді бастан кешіп жатқан Иран халқы үшін дұға етіп, қайғырамыз. Террорға қолдау берген мемлекеттердің террор таратқан жамандықтың құрбаны болу рискі астында екеніне назар аударғымыз келеді» делінді.

Иран парламенті мен режимнің көшбасшысы Аятолла Хумейнидің кесенесіндегі қарулы және бомбалы шабуылдарда 13 адам қаза тауып, 43 адам жарақат алған болатын.

Шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар