Аракан мұсылмандары бейтарап аймақта

Мьянма үкіметі шекараға мина төсеген.

Аракан мұсылмандары бейтарап аймақта

Мьянмада армия мен буддисттердің шабуылдарынан қашқан 6 мың 300 Аракан мұсылмандары бірнеше күннен бері Бангладеш шекарасындағы бейтарап аймақта күтіп отыр.

Бангладеште жарияланатын "The Dailystar" газетінің хабарына қарағанда,  Maungdaw қаласындағы түрлі ауылдардан қашып,  Бангладеш шекарасындағы бейтарап аймаққа келген аракандық мұсылмандардың медициналық және гуманитарлық мұқтаждықтарының бір бөлімін Бангладеш Шекара қорғаушылары қамдап отыр.

Осындағы аракандық мұсылмандардың мұқтаждықтарын алу үшін Tambru Bazar қаласына баруына рұқсат беріледі,  алайда қайтадан аймаққа оралулары керек.

Сонымен қатар Аракан мұсылмандары Мьянма үкіметінің Бангладеш шекарасына мина төсегенін,  көптеген адамның органдарынан айрылып қалғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар