Медведев АҚШ-ды сынға тартты

Медведев Ресей-АҚШ қарым-қатынастарының соңғы жылдарда нашар болғанын айтты.

Медведев АҚШ-ды сынға тартты

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресей-АҚШ қарым-қатынастарының соңғы жылдарда нашар болғанын айтты.

Медведев жасаған жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ шара қолдану арқылы Ресейді тек бәсекелес емес, дұшпан ретінде қарауда» деді.

Ресей премьер-министрі Медведев «Америка Құрама Штаттарының жаңа шараларына қарата Мәскеу әкімшілігі де дайындық жасауда» деген сөздер қолданды.

Медведев Оңтүстік-Шығыс Азия Ұлттық Одағы  ASEAN-ның 50 жылдығына берілген қонақ асынан кейін АҚШ Президенті Дональд Трамппен сөйлескенін айтты.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу де АҚШ-тың террор ұйымы ДАИШ-тың әрекеттеріне көз жұмғанын білдіріп, «АҚШ Орташығыста террормен күрес жүргізген сияқты әрекет жасауда» деген болатын.


Этикеттер: ДАИШ , Ресей , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар