Палестина ғалымдар одағы көтеріліске шақырды

Палестина ғалымдар одағы АҚШ президенті Трамптың 'Иерусалим' шешіміне қарсы Ислам үмбетін көтеріліске шақырды.

Палестина ғалымдар одағы көтеріліске шақырды

Палестина ғалымдары одағы Иерусалим үшін көтеріліс (интифада) шақыруы тастады.

Палестина ғалымдары одағы АҚШ президенті Трамптың Иерусалимнің мәртебесімен байланысты жариялаған шешіміне наразылық үшін Ислам үмбетін көтеріліске шақырды.

Одақ жасаған жазбаша мәлімдемеде Трамптың Иерусалиммен байланысты шешіміне наразылық көрсетіп, «Ислам үмбеті мен халқымызға жетекшісі Құран мен сүннет болған үлкен бір көтеріліске шақырамыз» делінді.

Аталмыш шешімнің еврей радикалдығын жігерлендіргені атап көрсетілген мәлімдемеде АҚШ-тың бұл қадамына қарсы барлық палестиналық тараптардың талпынысын біріктіру керектігін атап көрсетті.

АҚШ президенті Трамп өткізген баспасөз жиналысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесінің 1980 жылы қабылдаған 478 нөмірлі қарарына қарамастан, «Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде ресми түрде танудың уақыты келді» делінген болатын. Трамп сондай-ақ Сыртқы істер министрлігіне елінің өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру үшін дайындықтарды бастауға тапсырма бергенін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар