Путин 2018 жылғы президенттік сайлауда үміткер болады

Путин 2018 жылы өткізілетін президенттік сайлауында үміткер болатынын жариялады.

Путин 2018 жылғы президенттік сайлауда үміткер болады

Путин 2018 жылы өткізілетін президенттік сайлауында үміткер болатынын жариялады.

Ресей Президенті Владимир Путин 2018 жылы өткізілетін президенттік сайлауында үміткер болатынын жариялады.

Путин Ресейдің Нижний Новгород қаласында ұйымдастырылған бір іс-шарада жасаған мәлімдемесінде «Иә, алдымыздағы жылы өткізілетін президенттік сайлауда үміткер боламын» деді.

Президенттік сайлау Қырымның Ресей тарапынан жаулауының жылдығы болған 2018 жылы 18 наурызда өткізіледі.

Анализ жүргізушілер Путиннің өз орнын сақтайтынын айтуда.

Орыс бұқаралық пікір қоры тарапынан жасалған сауалнамаға қарағанда орыс халқының 68 пайызы Путинге дауыс беруді ойластыруда.

Сауалнама қорытындысы бойынша Путиннің сайлаудағы ең жақын бәсекелестері 7 пайыздық дауыспен Ресей либерал демократия партиясы төрағасы Владимир Жириновский және 4 пайыздық дауыспен Коммунист партиясы лидері Геннадий Зюганов.

 



Ұқсас жаңалықтар