"Палестинаны танитын уақыт келді"

Словения Сыртқы істер министрі Карл Эрьявец елінің Палестинаны танитын уақыты келгенін айтты.

"Палестинаны танитын уақыт келді"

Словения Сыртқы істер министрі Карл Эрьявец елінің Палестинаны танитын уақыты келгенін айтты.

Словениядағы коалиция үкіметін қалыптастырған саяси партия басшылары бас қосқан жиналыстан кейін мәлімдеме жасаған Эрьявец Палестинаны тану тақырыбына тоқталып: «Мен жеке өз басым Словенияның Палестинаны танитын уақыты келді деп ойлаймын» деді.

Эрьявец Словения үкіметінің осы тақырыптағы қадамдарын анықтауы керектігін атап көрсетті.

Словения премьер-министрі Мирослав Церар басқаратын Заманауи орталық партияның мәжіліс фракциясы төрайымы Симона Кустец Липицер де Палестинаны тануды қолдайтындарын, алайда осындай қадам басу үшін алдымен дайындық жүргізілуі керектігін білдірді.

Осы тақырып келесі апта қайта қаралады.



Ұқсас жаңалықтар