"Таяу Шығысқа көп ақша жұмсадық"

Трамп елінің Таяу Шығысқа бүгінге дейін 7 триллион доллар жұмсағанын айтты.

"Таяу Шығысқа көп ақша жұмсадық"

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп елінің Таяу Шығысқа бүгінге дейін 7 триллион доллар жұмсағанын айтты.

Ақ Үйде АҚШ-тың 2019 жылғы бюджетіне байланысты мәлімдеме жасаған Трамп Таяу Шығыста көп ақша жұмсағандарын білдірді.

 «Бірнеше ай бұрынғы соңғы есептерге қарағанда, Таяу Шығыста 7 триллион доллар жұмсадық. Үлкен қате,  бірақ жағдай осы.  Бүгінгі күні Таяу Шығыс 17 жыл бұрынғыдан да нашар жағдайда» деді ол.

Президент болып сайланбастан бұрын АҚШ-тың Иракты басып алуын «үлкен қате» деп атаған Трамп елінің Таяу Шығысқа әскери килігуіне шағымданған еді.



Ұқсас жаңалықтар