Мекке мен Мәдина арасында жүрдек пойыз жүреді

Сауд Арабиясында Мекке мен Мәдина арасында жүрдек пойыз жүретін болады.

Мекке мен Мәдина арасында жүрдек пойыз жүреді

Сауд Арабиясында Мекке мен Мәдина арасында жүрдек пойыз жүретін болады.

Харамейн жүрдек теміржолы жобасының директоры Мұхаммед Фида Мекке-мәдина жүрдек пойыз желісінде сынақтардың басталғанын білдірді.  Фида сынақ рейстер сәтті аяқталғаннан кейін екі қала арасында қатынас басталатынын айтты.

Фиданың айтуынша, Сауд Арабиясы үкіметі азаматтарға және елде тұратын шетел азаматтарына 450 километрлік Мекке-Мәдина арасында халықаралық стандарттарға сай қатынас қызметін беру мақсатты осы жобаны жүзеге асыруда.

Қасиетті екі қаланың арасындағы жүрдек пойыз сонымен бірге қажылық және умра үшін келген шетелдік қонақтарға да қызмет етеді.

Аталмыш желі Мекке,  Джидда, Король Абдулазиз атындағы Халықаралық әуежайы,  Король Абдулла атындағы экономика қаласы және Мәдина секілді бес стансадан тұрады.  Жаңа пойыз сағатына 300 километр жылдамдықпен жүреді.

 



Ұқсас жаңалықтар