Акынжы мен Анастасиадис кездеседі

Акынжы мен Анастасиадис процеске байланысты пікір алмасады.

Акынжы мен Анастасиадис кездеседі

Солтүстік Кипр Республикасы президенті Мұстафа Акынжы мен Понти әкімшілігі лидері Никос Анастасиадис 10 айдан  кейін кездеседі.

Екі лидер Біріккен Ұлттар Ұйымы бақылауындағы аралық аймағында кешкі қонақасында бас қосады және бас қосуда жаңа бір процеске байланысты пікір алмасады.

Екі лидер ең соң 2017 жылы  6 шілдеде өткізілген Бестік Кипр конференциясында бас қосқан еді. Конференцияның сәтсіздікке ұшырауымен келіссөздер процесі де аяқталған болатын.

10 айдан кейін БҰҰ жаңа бір процестің басталуы үшін атсалысты.

Кешкі қонақасында екі лидер жаңа процеске байланысты бетпе-бет кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар