Террор ұйымы Сириядағы күрд басшыларды алып қашты

PKK/PYD-YPG террор ұйымы өзіне қарсы болған оппозициядағы сириялық күрд басшыларды алып қашты.

Террор ұйымы Сириядағы күрд басшыларды алып қашты

Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару үшін 20 қаңтар күні бастаған Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 18 наурыз күні аймақты террордан тазалады.

Сирияның Африн аймағынан шығарылуымен аймақтағы қысымын арттырған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG Сирияда өзіне қарсы болған оппозициялық күрд басшыларды алып қашты.

Террористтер Файсал Юсуф және Нимет Давутты өткен апта үйлерінен күштеп алып қашты.

Ұйымның Зәйтүн бұтағы операциясы алдында Африндегі жеңілісін ұмыттыру мақсатты аймақтағы қысымын арттырғаны және бұл әдісті қолданғаны атап көрсетілді.

Африндік күрд, араб және түрікмен азаматтық қоғам өкілдері өткен апта өздерін басқару және қала орталығында жергілікті қызметтерді қамтамасыз ету үшін уақытша мәжіліс құрған болатын.



Ұқсас жаңалықтар