Сирияға әскер жолдауға дайын екендерін білдірді

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі хабарлады.

Сирияға әскер жолдауға дайын екендерін білдірді

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адил Джубейр ұсыныс келетін болса,  ауқымды коалиция шеңберінде Сирияға әскер жолдауға дайын екендерін айтты.

Эр-Риядта БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешті қонақ қылған Джубейр: «Ислами Әскери терроризммен күрес коалициясынан Сирияға әскер жолдауды талқылаудамыз» деді.

«Wall Street Journal» газеті де Сириядан кеткісі келетін АҚШ президенті Дональд Трамптың Америка әскерлерінің орнына Мысыр, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Катар әскерлерінің орналасуы үшін байланыс жүргізгенін жазды.

АҚШ-Ұлыбритания-Францияның Сирия жеріне жасаған әуеден соққыларынан бір күннен кейі Араб лигасы саммиті өткізілген болатын.

Джубейр Араб лигасының Сирия үкіметінің химиялық қару қолдануын айыптайтынын хабарлаған болатын. Бірақ саммиттің қорытынды декларациясында Сирия үкіметі деп аталмастан,  «Сирияда химиялық қарудың қылмыс жасау үшін қолданылуына байланысты халықаралық тергеу ашылуына» шақыру тасталған еді.



Ұқсас жаңалықтар