Швециялық және норвегиялық активист балықшылар Газаға жолға шықты

«Ship to Gaza» қоғамы Изриаль қоршауын бұзу үшін «Газа үшін флот» атты бір акцияға дайындалғандарын жариялады.

Швециялық және норвегиялық активист балықшылар Газаға жолға шықты

Газа секторына бағытталған қоршауды бұзу үшін швециялық және норвегиялық балықшы қайықтарымен жолға аттанды.

«Ship to Gaza» қоғамы баспасөз мәлімдемешісі Элен Ханссон Изриаль қоршауын бұзу мақсатты «Газа үшін флот» атты бір акцияға дайындалғандарын білдірді.

Бұл аяда екі балықшы қайығының Швецияның Гетеборг қаласынан бір қайықтың бас қала Стокгольмнен екінші қайықтың Норвегиядан кешкі уақытта жолға шыққанын атап көрсеткен Ханссон «Флоттағы кішкентай қайықтар Франциядағы каналдар арқылы үлкен кемелер болса мұхит арқылы Газа секторына барады» деді..

Израильдің Газа қоршауын бұзуда табанды екендерін атап көрсеткен Ханссон «Осы жолы одан да жақсы ұйымдасып, Израиль Газаға бағыттаған қоршауды халықаралық қоғамның назарына ұсынамыз» деді.

Екі жарым айда Газаға баруды жоспарлағандарын атап көрсеткен Ханссон «Иншаллах осы жолы Газаға жәрдемдерді жеткізуді мақсат етеміз. Газа үлкен бір түрме. Екі миллион палестиналық қамауда отыр. Біз осы қамаудағы тіршілікті еркіндікке айналдырғымыз келеді. Бұрынан Газада 4 мың балықшы бар болатын. Қазір тек қана 500 шақты қалды. Балықшы қайықтарымызды болса палестиналық балықшыларға сыйға тартқымыз келеді. Сондай-ақ басқыншы Израильдің жүзін тағы бір рет әлемге көрсеткіміз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар