Палестина жоғары ұлттық комитетінен 'миллиондық шеруге' шақыру

Палестина жоғары ұлттық комитеті 5 маусым күні Израиль шекарасында ұйымдастырылатын «миллиондық шеруге» шақыру тастады.

Палестина жоғары ұлттық комитетінен 'миллиондық шеруге' шақыру

Газа секторындағы ‘Ұлы көш және қоршауды бұзу’ шерулерінің артынан Палестина жоғары ұлттық комитеті 5 маусым күні Израиль шекарасында ұйымдастырылатын «миллиондық шеруге» шақыру тастады.

Комитет жасаған жазбаша мәлімдемеде «Газа секторының Израиль шекарасында күн сайын ұйымдастырылған ‘Ұлы көш және қоршауды бұзу шеруін’ жалғастыру ұстанымымызға бағыныштылықты қайталаймыз. Шерулер Израильдің 1967 жылғы шабуылдарында Иерусалим мен Палестина жерін басып алуының жылдығына дөп келген 5 маусым күні миллиондық шеруге дейін жалғасады» делінді.

Иерусалимді қорғау барысында шәйіт болғандар үшін Палестина халқына көңіл айтқан мәлімдемеде Газа шекарасында дүйсенбі күні шыққан қақтығыс пен палестиналықтардың шәйіт болуына АҚШ пен Израильдің жауапты екені атап көрсетілді.

Шерушілерге жасалған қылмыстар себепті израильдік басшылардың сотталуы талап етілген мәлімдемеде шерулерден бас тартылмайтыны және нысанаға жеткенше жалғасатыны атап көрсетілді.

Газаның шығысында өткен шерулерде қазірге дейін 62 палестиналық шәйіт болды, 2 мың 770-ден астам адам жарақат алды.

Шәйіттер арасында 18 жастан кішкентай 8 бала бар. Жаралылардың болса 225-і бала, 86-сы әйелдерден тұрады.

Газаның Израиль шекарасында шатырлар құрған палестиналықтар, АҚШ өкілетті елшілігінің Иерусалимге көшірілуі мен Израильдің құрылуының жылдығы ретінде Некбенің (Үлкен апат) 70 жылдығын протест ету үшін «миллиондық шеру» атты шерулер ұйымдастыруда.

АҚШ президенті Дональд Трамптың 6 желтоқсан күні Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде танығанын, елінің Тель-Авивдегі өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіретінін жариялаған, артынан жаңа өкілетті елшілік ғимаратын рәсіммен ашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар