Ресей де Израильді айыптады

Ресей палестиналықтарға әскери күш қолданылуын айыптады.

Ресей де Израильді айыптады

Ресей палестиналықтарға әскери күш қолданылуын айыптады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мария Захарова Америка Құрама Штаттарының Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіру шешіміне қарсы ұйымдастырылған шерулер барысында Израильдің әскери күш қолдануын айыптайтындарын мәлімдеді.

Захарова Ресейдің Иерусалимге байланысты ұстанымының өзгермегенін атап көрсетіп: «Иерусалим екі тәуелсіз мемлекет ретінде Палестина мен Израильдің бас қаласы болуы керек.  Әлемдік үш діннің мүшелеріне ашық болуы керек» деді.

«Палестиналықтардың бейбіт акция құқықтарын мақұлдап,  бейбіт халыққа қарсы әскери күш қолданылуын айыптаймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар