Хоуситтер Сауд Арабиясына қайтадан зымыран лақтырды

Сауд Арабиясы мемлекеттік арнасы зыимыранның аспанда жойылғанын білдірді.

Хоуситтер Сауд Арабиясына қайтадан зымыран лақтырды

Йемендегі хоуситтер Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джазан қаласына лақтырған баллистикалық зымыран аспанда жойылды.

Сауд Арабиясы мемлекеттік арнасы «Әл-Ихбарийенің» хабарына қарағанда хоуситтердің Сауд Арабиясына лақтырған баллистикалық зымыран әуе қорғаныс күштері тарапынан Джазан әуе кеңістігінде аспанда жарылды.

Хоуситтерге тиесілі «Әл- Месира» телеарнасының хабарында болса хоуситтердің «Бедр-1» атты баллистикалық зымыранмен Джазандағы Әл-Файсал әскери аймағын нысанаға алғаны атап көрсетілді.

Соңғы зымыран шабуылын қосқанда хоуситтер ораза айдың ішінде Сауд Арабия еліне 10 баллистикалық зымыран шабуылы жасаған.



Ұқсас жаңалықтар