Түркия Пәкістандағы шабуылды айыптады

Түркия Пешавар қаласында бір сайлау митингіне кеше жасалған опасыз шабуылды айыптады.

Түркия Пәкістандағы шабуылды айыптады

Түркия Пәкістанның Пешавар қаласында кеше бір сайлау митингінде жасалған террор шабуылын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жасалған жазбаша мәлімдеме Пешавар қаласындағы бір сайлау митингінде жасалған террор шабуылында көптеген адам қаза тауып, жарақат алу хабарының күйзеліспен қарсы алынғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Аталмыш опасыз шабуылды айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқандарға Алладан рақымшылық, дос Пәкістан үкіметі мен бауырлас Пәкістан халқына көңіл айтамыз. Жаралылардың сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар