Трамп НАТО елдерін сынға тартты

Дональд Трамп жасаған мәлімдемесінде НАТО елдерін сынға тартты.

Трамп НАТО елдерін сынға тартты

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп «Кейбір НАТО елдерінің» уәделерді орындамағанын және талай жылдан бері ақша төлемегенін білдірді.

Дональд Трамп жасаған мәлімдемесінде НАТО елдерін сынға тартты.

Трамп мәлімдемесінде «Кейбір НАТО елдері тек 2 пайыздық ғана ақша төлеуде. Кейбіреулері болса талай жылдан бері ақша төлемеуде. Бұлар АҚШ-қа ақша төлей ме?» деген сөздерге орын берді.

Трамп Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО саммитінде НАТО Бас хатшысы Йенс Стотенбергпен кездесті. Трамп «Германия Ресейдің бір құлы. Өйткені энергияның басым көп бөлімін Ресейден алуда» деді.

Трамп  Гернаияны сынға тартып «Олар Ресейге миллиардтаған доллар төлеуде. Біз оларды Ресейден қорғауымыз керек» деді.

НАТО елдері 2018 жылы қорғаныс үшін жиыны 1 триллион 13 миллиард 406 миллион доллар бөледі.

Түркия қорғаныс үшін 2018 жылы 15 миллиард 219 миллион долларлық ақша жұмсайды.


Этикеттер: Бельгия , НАТО

Ұқсас жаңалықтар