АҚШ режим күштеріне шабуыл жасады

АҚШ режим күштеріне жасаған шабуылда кем дегенде 40 режим әскері қаза тапты.

АҚШ режим күштеріне шабуыл жасады

АҚШ режим күштеріне жасаған шабуылда

Америка Құрама Штаттары басшылығындағы халықаралық коалиция Сирияның солтүстік-шығысындағы Дейр-эз-зор провинциясында Асад режиміне тиесілі нысаналарды атқылады. Шабуылда кем дегенде 40 режим әскері қаза тапты.

Дейр-эз-зорға қарасты Эбу Кемал қалашығы ауылдарындағы режим күштері Евфраттың шығысында орын алған  террор ұйымы ДАИШ-тың бақылауындағы Хежин қалашығына ілгерілеуге тырысты.

Режим әскерлері Евфрат өзені арқылы өту үшін мобиль көпір жасап, Хежин қалашығына жетті. Режим күштері Хежиннің маңына орналасқаннан кейін коалиция ұшақтарының қатты соққысына ұшырады.

Шабуылда кем дегенде 40 режим әскері қаза тапты. Режим күштері басқа аймаққа қашуға мәжбүр болды.


Этикеттер: Сирия , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар