Ұшақ келісімі күшіне енді

Катар Ұлыбританиядан ұшақ алатын болды.

Ұшақ келісімі күшіне енді

Ұлыбританиядан Катарға 24 әскери ұшақ пен 9 оқу-жаттығу ұшағын сатуды көздейтін келісім күшіне енді.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің хабарламасында Катармен желтоқсан айында бас қала Дохада қол қойылған ұшақ сату келісімінің күшіне енгені білдірілді.

Қорғаныс министрі де жазбаша мәлімдеме жариялап,  оқиғаға ризашылығын білдіріп: «Осы келісім ағылшын қорғаныс өнеркәсібіне үлкен үлес қосумен қатар, Ұлыбритания мен Катардың ортақ проблемаларына жауап беруде,  аймақтағы тұрақтылық пен Ұлыбританияның ішкі қауіпсіздігін қамдауда да маңызды болады» деді.

Ұшақтар 2022 жылы беріле бастайды. Катарлық ұшқыштар мен басқа да қызметкерлерге ағылшын әскери базасында дайындық беріледі.



Ұқсас жаңалықтар