Путин мен Меркель телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Германия премьер-министрі Ангела Меркель телефонда сөйлесті.

Путин мен Меркель телефон арқылы сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен Сирия тақырыбында пікір алмасты.

Кремльден жасалған мәлімдемеде Путин мен Меркель арасында өткізілген телефон әңгімелерінде Сирия мәселесінің шешімі қолға алынды.

Мәлімдемеде Путиннің Сочиде президент Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген кездесу нәтижесінде Түркия мен Ресей арасында Сирияның Идлиб аймағында қарулардан тазаланған аймақ құру жөнінде келіскені жөнінде Меркельге мағлұмат бергені білдірілді.

Әңгіме барысында Путин мен Меркельдің Украина дағдарысы, әлем қаржы нарығындағы болымсыз жағдай да талқылағаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар