Мурсидің баласын кепілмен босатады

Мурсидің адвокаты прокуратураның Абдуллах Мурсиді 280 доллар кепілмен босатуға шешім берілгенін білдірді.

Мурсидің баласын кепілмен босатады

Мысыр Жоғары мемлекеттік қауіпсіздік соты прокуратурасы төңкерілген мемлекет басшысы Мұхаммед Мурсидің баласы Абдуллахты кепілмен босатуға шешім қабылдады.

Мурсидің адвокаты Абдулмумин Абдулмаксуд прокуратураның Абдуллах Мурсиді 280 доллар кепілмен босатуға шешім берілгенін білдірді.

Мысыр қауіпсіздік күштері елдің демократиялық жолмен бірінші рет президент ретінде сайланған басшысы Мурсидің баласы Абдуллахты кеше қамауға алған болатын.

Мысыр қауіпсіздік күштері Абдуллах Мурсиді 2014 жылдың наурыз айында есірткіден қамауға алып, үш айдан кейін 1 жылға сотталып, Жоғары сот та үкімді 2015 жылы бекіткен болатын. Абдуллах Мурси болса өзіне бағытталған айыптауларды қабылдамаған болатын.

Мұхаммед Мурсидің 5 баласы бар.



Ұқсас жаңалықтар