Аллахабад қаласының аты өзгерді

Аллахабад қаласының есімі ұлтшыл үнділердің бірнеше жылғы қысымы нәтижесінде өзгертілді.

Аллахабад қаласының аты өзгерді

Үндістанның Аллахабад қаласының есімі ұлтшыл үнділердің бірнеше жылғы қысымы нәтижесінде Праяграж деп өзгертілді.

Үндістанның тұрғыны көп Уттар-Прадеш уәлаятындағы жергілікті үкімет есім өзгерісіне байланысты реттеуді бүгін бекітті.  Уәлаяттың премьер-министрі Йоги Адитянат оппозиция партияларының наразылығына себеп болған шешімді көпшіліктің талабына сай қабылдағандарын айтты.  «Бұл шешімге қарсы шыққандар тарихымызды және дәстүрлерімізді білмейді» деді ол.

Уәлаяттың Денсаулықты сақтау министрі де есім өзгерісін қолдады.

Қаланың жаңа аты санскрит тілінде «Құрбандық шалатын жер» деген мағынаға келеді.

Үнділердің нанымына қарағанда ғаламды жаратушы алғашқы құрбанын қалада Ганг, Ямуна және Сарасвати өзендері тоғысқан жерде ұсынды.

Бабур императоры Акбар Шах қаланың атын 1583 жылы Илахабад деп өзгерткен болатын.  Артынан баласы Джихан Шах Аллахабад деп өзгертті.



Ұқсас жаңалықтар