Сауд Арабиясы үкіметі Кашыкчы жөнінде өздерін ақтауда

Жубейр Кашыкчының өлтірілуіне байланысты Селманның хабарының болмағанын алға тартты.

Сауд Арабиясы үкіметі Кашыкчы жөнінде өздерін ақтауда

Жубейр Кашыкчының өлтірілуіне байланысты Селманның хабарының болмағанын алға тартты.

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейр журналист Джемал Кашыкчының елінің Стамбул Бас консулдығында өлтірілуінен мұрагер ханзада Селманның хабарының болмағанын алға тартты.

Әділ әл-Жубейр Америка Құрама Штаттарының Fox News хабар каналына жасаған мәлімдемесінде мұрагер ханзада Мұхаммед бин Селманның журналист Джемал Кашыкчы қылмысына байланысты жауапкершілігінің болмағанын алға тартты.

Кашыкчының өлімі туралы аты аталған мұрагер ханзаданың және оған жақын адамдардың аттары аталғанына қарамастан Селманның оқиғадан хабарының болмағанын пайымдады.

Жубейр «Мұрагер ханзада аталмыш пайымдауды теріске шығарды және бұл оқиғадан хабары жоқ еді. Бұл оқиғадан жоғарғы барлау ұйымы лауазым иелерінің де хабары жоқ еді. Бұл адамдар қауіпсіздікке жауапты жай қызметкерлер еді» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар