АҚШ-та Қытайға қарсы протест

АҚШ-та өмір сүрген түріктер мен ұйғырлар Қытайдың ұйғыр түріктеріне бағытталған қатыгездігін протест етті.

abd cin protesto.jpg

Қытай әкімшілігінің Шығыс Түркістандағы ұйғыр түріктеріне бағытталған ауыр адам құқықтары бұзушылықтары мен қысымшыл саясаттары АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Қытай бас консулдығы алдында протест етілді.

Шеруге АҚШ-та өмір сүрген түріктер мен ұйғырлар қатысты.

Қолдарында Түркия және Шығыс Түркістан байрақтарымен Манхэттендегі Қытай бас консулдығы ғимараты алдында жиналған шерушілер «Шығыс Түркістанға еркіндік!», «Басыңды теріс қаратып, көзіңді жұмба!», «Ұйғыр қырғынын тоқтатыңыздар!» деп жазылған плакаттарымен Қытайдың зұлымдықтарын дереу тоқтатылуын талап етті.

АҚШ Ислам қоғамы Ұлттық көзқарас ұйымы төрағасы Айхан Өзмекик осында жасаған мәлімдемеде Қытай мемлекетінің ұйғыр түріктеріне бағыттаған қысым мен зұлымдығын айыптау үшін жиналғандарын атап көрсетті.

Өзмекик АҚШ Ислам қоғамы Ұлттық көзқарас (IGMG) ұйымы ретінде әлемнің бүкіл президенттеріне хат жолдағандарын атап, Шығыс Түркістандағы зұлымдыққа үнсіз қалмауға шақырғандарын тілге тиек етті.

Адам құқықтарымен байланысты бір конференцияға қатысу үшін Германиядан Нью-Йоркқа барған Бүкіләлемдік Ұйғыр конгресі төрағасы Иса Долкун болса Шығыс Түркістанда адамдыққа жатпайтын қатыгездіктер жасалғанын атап көрсетті.

Долкун «Біріккен Ұлттар Ұйымынан, АҚШ-тан, Түркиядан және әлемнің қалған елдерінен адамдық үшін күнәсіз жәбірленген, тұтқындалған Шығыс Түркістан халқына ие шығуларын Қытайға жасаған зұлымдықтарды тоқтату үшін санкция жасалуын талап етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар