Бірнеше апта ішінде шегіну басталуы мүмкін

Генерал Вотел нақты жоспар уақытының Сириядағы жағдайға байланысты екенін білдірді.

Бірнеше апта ішінде шегіну басталуы мүмкін

Америка Құрама Штаттары Орталық күштер қолбасшысы генерал Джозеф Вотел Сириядағы Америка әскерлерінің шегінуінің бірнеше апта ішінде басталуы мүмкін екенін айтты.

Вотел журналисттердің Сириядағы 2 мың шақты әскердің «күндер ме, әлде апталар ішінде» шегінетіні туралы сұрағына: «Бірнеше апталар ішінде болуы мүмкін, бірақ барлық нәрсе майдандағы жағдайға байланысты. Шегіну тақырыбында жоспарлаған сатыдамыз» деп жауап берді.

Генерал Вотел нақты жоспар уақытының Сириядағы жағдайға байланысты екенін білдірді.

Осы арада, АҚШ армиясы Сириядағы әскери жабдықтардың бір бөлімін кері әкете бастады.

Вотел: «Қызметкерлерді әкету жабдықты әкетуден жеңіл,  сондықтан алдымен қажеті жоқ жабдықтарды әкетуге тырысамыз» деді.

Америка Құрама Штаттарының Ирактағы әскерлеріне де тоқталған Вотел осы елдегі әскер санының көбіне сол қалпында қалатынын айтты.

«Қажеті жоқ немесе міндеті жоқ әскерлерді майданда қалдырғымыз келмейді» деді ол.

Америка Құрама Штаттарының Иракта ДАИШ-пен күреске көмектесу мақсатымен шамамен 5 мың шақты әскері бар.



Ұқсас жаңалықтар