Талибанға кеңсе ашуды ұсынды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани террорлық ұйым Талибанға ірі қалаларда кеңсе ашуды ұсынды.

Талибанға кеңсе ашуды ұсынды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани террорлық ұйым Талибанға ірі қалаларда кеңсе ашуды ұсынды.

Ғани Нангархар уәлаятына сапары барысында: «Талибан бейбітшілік келіссөзін бастағысы келсе, Кабул, Кандахан және Нангархар секілді ірі қалаларда кеңсе ашуына болады» деді.

Ауғанстанда түбегейлі бейбітшілік орнату үшін барлық пидақорлыққа дайын екендерін айтқан президент соғыстың аяқталып қалғанын білдірді.

«Талибан бейбітшілік келіссөзі үшін бас қала Кабулға келуіне болады, оларға кеңсе ашуға және қауіпсіздіктерін де қамдауға болады.  Еліміз басқа елдердің сұранысымен жақсармайды» деді ол.

Ғани Ауғанстан халқының енді бейбітшілікті қалайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар