IMF төрайымынан жаңа жаһандық дағдарыс ескертуі

Халықаралық валюта қоры (IMF) төрайымы Кристин Лагард жаһандық экономиканың болжауынан жылдам әлсірей бастағанына назар аударды.

IMF төрайымынан жаңа жаһандық дағдарыс ескертуі

Кристин Лагард жаһандық экономикаға ықпал еткен рисктерді аспанда боран туғызатын бұлттарға ұқсатып, қауіпті арттырған «төрт бұлттың» шығуы ықтимал бір «дауылға» себеп болатынын ескертті.

Дубайда ұйымдастырылған саммитте баяндама жасаған Лагард ел әкімшіліктерінің дауылға дайын болуын талап етті.

Аталмыш рисктер арасында «Сауда дағдарысы мен қосымша кеден салықтарын арттыру, жаһандық тығыздалу, Ұлыбританияның Еуроодақтан айырылу (Brexit) кезең белгісіздігі және Қытай экономикасының әлсіреуі” екенін айтқан Лагард АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дағдарысының ықпалдарын қазірден-ақ көре бастағандарын атап айтты.

«Осы дағдарыстың қалай тынышталатыны белгісіз. Алайда қазірден-ақ сауда және нарықтағы сенімділікке ықпалын тигізе бастағанын байқаймыз» деген Лагард сондай-ақ  үкімет пен фирмалардың ауыр қарыздану шығындарының да рисктерді арттырғанына назар аударып, «Ауада бұлт көп болған кезде, тек қана бір найзағай дауылды туғызуға жетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар