Мұғалімдер ереуілге шықты

Америка Құрама Штаттарында 4 мыңнан астам мұғалім ереуілге шықты.

Мұғалімдер ереуілге шықты

Америка Құрама Штаттарында 4 мыңнан астам мұғалім ереуілге шықты.

Колорадо штатына қарасты Денвер қаласында мұғалімдер құрған кәсіподақ пен мектеп басшылығы арасында айлық анықтау келіссөзі нәтиже бермегендіктен, мұғалімдер ереуілге шығу шешімін қабылдады.

Ереуілге қаладағы 4 мыңнан астам мұғалім қатысты. Ереуіл салдарынан Денвердегі 5 мың балабақша жеткіншектерінің сабақтары болмай қалды.  Кейбір мектептерде сабақты мектеп басшылары мен кезекші мұғалімдер беруде.  Кейбір оқушылар да мұғалімдеріне қолдау мақсатты сабаққа кірмеді.

Осы қаладағы мұғалімдер 25 жылдан бері бірінші рет ереуілге шықты.



Ұқсас жаңалықтар