Таяу Шығыстағы қару импорты 5 жылда екі есе артты

Мюнхен Қауіпсіздік 2019 Рапорты Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы қарсаңында жарияланды.

Таяу Шығыстағы қару импорты 5 жылда екі есе артты

Таяу Шығыс елдерінің қару импорты 2013-2017 жылдар арасында оның алдындағы 5 жылмен салыстырғанда екі есе артты.

Мюнхен Қауіпсіздік 2019 Рапорты қорғаныс және сыртқы саясат тақырыптары талқыланатын, 80 елден үкімет басшылары мен қорғаныс министрлерінің қатысуы күтілген және 15-17 ақпан күндері арасында ұйымдастырылатын Мюнхен  Қауіпсіздік Конференциясының алдында жарияланды.

Рапортта әлем көлемінде ұлттық пайдасымен салыстырғанда ең көп қару импортын жасаған 10 елдің жетеуі Таяу Шығыста болғаны ескертіліп, Таяу Шығыс аймағындағы елдерге қару экспортының 2013-2017 жылдар арасында оның алдындағы 5 жылмен салыстырғанда екі есе артқаны білдірілді. 

Рапортта Таяу Шығыстағы елдердің 2014-2018 жылдар арасындағы қару импортының 53 пайызының Америка Құрама Штаттарынан, 11 пайызының Франциядан, 10 пайызының Ұлыбританиядан, 2 пайызының да Түркиядан жасалғаны хабарланды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Сириядан әскер шегеру шешімінен кейін Сирияның болашағында Түркия, Ресей және Иран елдерінің белгілеуші бір әсері болатынына меңзелген рапортта Сирияда Еуропа Одағының толығымен сыртта қалғаны білдірілді.

Таяу Шығыста Сауд Арабиясы, АҚШ, Израиль және Иранды қамтыған "Қақтығыс қаупі" тақырыбында ескерту жасалған рапортта  Йемен, Басра Шығанағы және Иракта туылуы ықтимал күтілмеген қақтығыстардың аталмыш кейіпкерлер арасында орасан зор бір соғысқа айналуының мүмкіндігі де атап көрсетілді. 

Рапортта қазіргі әлемдік тәртіп шайқалатын болса, Еуропалық Одақтың маңызды елдері Ұлыбритания, Германия және Францияның өздері тұрған аймақтың тұрақтылығы үшін рол ойнауы мүмкіндігі де білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар