Барак Обама жас түрік ғалымдарын марапаттады

АҚШ президенті Барак Обама Жас ғалымдар мен инженерлерді «Президенттік карьера орденімен» марапаттады.

Барак Обама жас түрік ғалымдарын марапаттады

Америка Құрама Штаттарында Майами Университеті Өнеркәсіп инженерлігі кафедрасы және Солтүстік-Батыс (Northwestern) Университеті Механика инженерлігі кафедраларында жұмыстарын жалғастырған түрік ғалымдары Нурчин Челик және Синан Кетен АҚШ президенті Барак Обама тарапынан Жас ғалымдар мен инженерлер «Президенттік карьера орденімен» марапатталды.

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Билл Клинтон тарапынан 1996 жылы табыс етіле бастаған сыйлықтар президенттік тарапынан зерттеу карьераларының басында ғалымдар мен инженерлерге ұсынылған ең мәртебелі абырой ордені болу ерекшелігіне ие.

Обама болса міндетінің соңғы жылында араларында қорғаныс, оқу, энергия және барлау салалары да бар көптеген салада жұмыс істейтін 102 жас ғалымды табыстары себепті марапаттады.

Барак Обама қорғаныс саласында марапатталған араларында Нурчин Челик пен Синан Кетенде бар жас ғалымдардың АҚШ-ты ғылыми ілгерілеудің ең жоғарғы сатысына жеткізгендерін атап, «Өте ықпалды жұмыстары себепті ғалымдар мен инженерлерді құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар