Османлы жады бір орталықта жиналады

200 мыңнан астам құжат пен он мыңдаған дәптер Кагытханедегі Премьер-министрлік Османлы мұрағатына көшіріледі.

Османлы жады бір орталықта жиналады

Стамбулдағы Топкапы сарайындағы 200 мыңнан астам құжат пен он мыңдаған дәптер Кагытханедегі Премьер-министрлік Османлы мұрағатына көшіріледі.

Осы аяда шамамен 1430 папка тапсырылды. 43 мың шақты дәптер болса Мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады.

Топкапы сарайындағы Османлы мұрағатында 1326-1922 жылдар аралығына дейінгі мәліметтерді қамтитын құжаттар жиналған.  Құжаттар арасында әсіресе сарайдағы төлемдер, тойлар,  сүндет мерәсімдері,  қабылдаулар,  падишаның мемлекет басшыларын қабылдауы,  осылардың құжаттары, қабылданған шешімдердің құжаттары орын алуда.

200 мыңнан астам құжат өте маңызды. Топкапы сарайындағы құжаттар мемлекеттік басқару орталығындағы құжат болғандықтан тарих, саясат білімі және басқа да салаларға жарық түсіреді.



Ұқсас жаңалықтар