"Мәдени мұраларымызды жандандырамын"

Самсунда өмір сүрген 47 жасар Дженгиз Четин хобби ретінде бастаған дәстүрлі садақ бұйымдарын өндіреді.

"Мәдени мұраларымызды жандандырамын"

Самсунда өмір сүрген 47 жасар Дженгиз Четин хобби ретінде бастаған дәстүрлі садақ ату, бұрынғы садақшылардың киімдері мен материалдарын өндіру жұмысын сұраныстар артқан соң өзі құрған ательеде жасауда.

Четин Түркияға қоса көптеген елге өнімдерін жібереді.

Атақұм ауданы Курупелит аумағында өмір сүрген Четиннің темір ұстасы әкесінің арқасында пышақ пен қылыш жасауды балалық шақта үйренген.

Университетті бітіріп шыққан соң дәрі-дәрмек саласында жұмыс істей бастаған Четин қосымша үйінде хобби мақсатты теріден қалқан, қылыш, жебе сияқты бұйымдар жасады.

Бұл өнімдерді жақын туыстарына сыйға тартқан Четин сұраныстар артқан соң 3 жыл бұрын жұмысын тастап, ательесінде Түркі мемлекеттері мен Османлы кезеңіне тиесілі соғыстарда садақшылар қолданған киім, қылыш, оқ дорбасы және қалқан сияқты материалдарды өндіре бастады.

Четиннің өнімдері әлеуметтік медиа арқылы тараған соң қызығушылық артып, Түркияға қоса көптеген мемлекеттен түскен тапсырыстарды пошта арқылы жеткізе бастаған.

Четин теледидарда Османлы және бұрынғы түркі кезеңдерімен байланысты сериалды кинолардың көбеюімен бұрын қолданылған қылыш, қалқан, садақ және басқа да бұйымдарға қызығушылықтың артқанын өзіне тапсырыстар келе бастағанын атап көрсетті.

Четин «Мәдени мұраларымызды жандандырамын. Мәдениетімізді құрметтей отырып, тарихи  соғыс бұйымдарын қайта жандандыруға үлес қосамын» деді.

Жасаған бұйымдардың толығымен қолөнерімен жасалғанына назар аударған Четин барлық туындылардың түпкі нұсқауына сәйкес және ұлттық нақышта дайындалғанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар