Түрікше аттестациялық емтихан ертең өткізіледі

Емтихан 35 елде 41 орталықта бір уақытта өткізіледі.

Түрікше аттестациялық емтихан ертең өткізіледі

Шетелдіктерге арналған Түрікше аттестациялық емтихан TYS ертең 35 елде 41 орталықта өткізіледі.

Юнус Емре Институтының хабарламасына қарағанда,  екі отырыс күйінде болатын емтиханның бірінші отырысында оқу,  тыңдау және жазу,  екінші отырысында сөйлеу қабілеті тексеріледі.

Емтиханда табысқа жеткен талапкерлерге ұпайына қарай B2, C1, C2 деңгейінде Түрікше аттестациялық құжаты тапсырылады.

Осы құжатты алғандар Түркияда кезкелген бір университетте оқитын болса түрік тілінен дайындық курсын оқымауына болады.

Сонымен қатар осы құжат Түркияда немесе өз елдерінде халықаралық компанияларда жұмыс істейтіндерге, түрікше аудармашы боламын деушілерге немесе шетелде түрік тілін оқытатын мұғалім кандидаттарына да артықшылық қамдайды.

Емтиханның қорытындысы 26 қаңтарда жарияланады.

Биылғы екінші емтихан 5 мамырда өткізіледі. Емтихан үшін өтініштер 19 наурыз күні қабылданады.

Толық ақпаратты tys.yee.org.tr адресінен алуға болады.



Ұқсас жаңалықтар