Түркияның ең ірі спорт кешені салынып жатыр

«Йылдырым» Жастар және спорт кешенінің құрылысы үздіксіз жалғасуда.

Түркияның ең ірі спорт кешені салынып жатыр

Түркияның ең ірі жабық спорттық кешені Бурса қаласында салынып жатыр.

Жастар және спорт министрлігінің қолдауы,  Бурса қаласы акиматы бастауында «Йылдырым» Жастар және спорт кешенінің құрылысы үздіксіз жалғасуда.

34 мың шаршы метрлік кешен аяқталғанда Түркияның ең ірі спорт кешені болмақ.

Спорт кешенінің құрамында 2500 адамдық спорт зал, жартылай олимпиадалық жүзу бассейні, жастар орталығы,  жеке жаттығу залдары, гимнастика залы, компьютер, музыка, пластикалық өнер шеберханалары, фольклор және сурет шеберханалары орналасады.

Биыл қызметке берілетін кешенде халықаралық сайыстар да өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар