Балалар фестивалі жалғасуда

Қонақ балалар Биледжикте өз өнерлерін көрсетті.

Балалар фестивалі жалғасуда

TRT Халықаралық 23 сәуір Балалар фестивалі Бурса қаласында жалғасуда.  Фестиваль үшін келген қонақ балалар Биледжикте өз өнерлерін көрсетті.

Шейх Едебали мәдениет орталығындағы концертте түрік оқушылармен бірге Болгария,  Ауғанстан және Гвинеядан келген балалар би билеп ән шырқады.

Шамамен бір сағаттық концертте қонақ өнерпаздар түрік көрермендерді тәнті етті.

Шарада сонымен бірге TRT Балалар телеарнасының қойылымы көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар