Түркия туризмде биыл рекорд күтеді

Биыл алты миллион неміс, 6,5 миллион орыс туристтің келуі күтілуде.

Түркия туризмде биыл рекорд күтеді

Анадолы туризм жетекшілері қоғамының атқару комитеті төрағасы Бирол Акман қонақүйлердің толу көрсеткішінің жақсы екенін айтып: «Туризмде биыл рекорд жасаймыз, 40 миллион турист, 30 миллиард доллар табыс күтеміз» деді.

Акман туризм саласының биыл былтырға қарағанда жоғары деңгейде болуын күтетіндерін білдірді. Оның айтуынша, неміс,  орыс және араб турситтер Түркияны көп таңдайды. Биыл алты миллион неміс, 6,5 миллион орыс туристтің келуі күтілуде.

«Анкараның Полатлы Гордион, Анадолы Өркениеттер мұражайы, Республика мұражайы секілді аралауға болатын көптеген тарихи жерлері бар.  Олардан басқа жылы су туризмі жақсы дамыған.  Аяш,  Кызылджахамам,  Бейпазары және Хаймана секілді аудандарында әрі демалып,  әрі емделуге болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар