Куртулмуш Қытайдың Шанхай қаласында

Куртулмуш Қытай мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың тіпті де дамитынын айтты.

Куртулмуш Қытайдың Шанхай қаласында

Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш Қытай мен Түркия арасында мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықтарды арттырғысы келгендерін айтты.

Министр Куртулмуш «Қытайда 2018 Түркия туризм жылы» аясында осы елге жасаған сапарының екінші аялдамасы болған Шанхайда Шанхай қаласы әкімінің орынбасары Чинь Гүнмен кездесті.

Куртулмуш кездесуде Түркияның Азияның батысында, Қытайдың да Азияның шығысында тарихи Ұлы Жібек жолының екі стратегиялық елі екенін айтты.  

Министр Куртулмуш Ұлы Жібек жолының қайтадан жандануын мақсат еткен «Бір  белдеу, бір жол» жобасы арқылы екі ел арасында алдымыздағы кезеңде екі жақты қарым-қатынастардың тіпті де дамитынын айтты.

Куртулмуш Түркияның әлемге ашылған терезесі болған Юнус Эмре институтының бір орталығын Қытайда ашатындарын білдірді.

Шанхай қаласы әкімінің орынбасары Чинь Гүн болсма Түркияның Қытайда ұйымдастырылған 2018 Түркия туризм жылы іс-шараларында табысты болуын және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастықтың тіпті де артуын тілегенін баяндады.


Этикеттер: туризм , Қытай

Ұқсас жаңалықтар